Медиа орталық

Алматы облысы

Алматы облысында малды бақылау бойынша GPS-жобаны пилоттық режимде іске қосты

Алматы облысында малды бақылау бойынша GPS-жобаны пилоттық режимде іске қосты

Алматы облысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның қолдауымен жалпы құны $700 мың құрайтын ірі қара мал қозғалысын қадағалауға арналған құрылғыларды шығару бойынша пилоттық жоба өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда Оңтүстік Кореялық Lives'Talk және Samsung Electronics компаниясының әзірлеушілері Алматы облысындағы Кеген ауданында құрылғыларды тестулеу үшін 15 антеннаны орнатқан.

Әрбір GPS құрылғысы үш таратқыштан және су өткізбейтін қарғыдан, сондай-ақ ұялы телефон арқылы бақылауға арналған қабылдағыштан тұрады. Құрылғы «Lora» мамандандырылған желісі арқылы интернетсіз жұмыс істейді. Әр жиынтығының құны 300 долларға дейін жетеді. Жобаны іске қосу аясында алғашқы 50 жиынтық жергілікті фермерлерге тегін таратылды.

«Таулы аймақтарда интернет істемегендіктен, біздің өнімімізге ерекше сұраныс бар. Мәселен, орташа есеппен жылына 10%-ға дейін мал жоғалады. Бұл жүйе арқылы жоғалған малды тез табуға болады. Біздің құрылғылары қазіргі таңда Қазақстанда интернетсіз жұмыс істейтің жалғыз жүйе», - дейді Lives' Talk компаниясының бас директоры Юрий Йон.

Қанат Молдасанов өз қожалығында 400-ге жуық жылқы және сиыр, сондай-ақ 2 мыңнан астам қой өсіріп жатыр. Фермердің айтуынша, шаруа қожалығының таулы аймақта орналасуына байланысты жайылып жатқан малды бақылау өте қиын. Таңертең малды бір жерге әкелсе, кешке олар бірнеше шақырым жерде жайылады. Малшылардың айтуынша, өз мүлкін сақтап алу үшін осы салаға заманауи технологиялар енгізу қажет: «Ірі қара малды өсіру оңай емес. Біздің ауданда таулар көп болған соң малды қадағалау қиын. Сонымен қатар, мал ұрлығы көбейіп кетті. Бұл жүйені тегін тестілеуге мүмкіндік береген үшін алғысымыз шексіз. Бірақ ақша төлеуге тура келсе де, біз бұл жүйені сатып алуға дайынбыз. Өйткені бүкіл малдаң айырылып қалғанша екі аттың ақшасын берген дұрыс. Осындай құрылғылардың арқасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де айтарлықтай көмекке ие болады, өйткені ұрылар жыл сайын көбейіп бара жатыр», - деді Молдасанов.

«KAZAKH INVEST» пилоттық жобаны іске асыру үшін инвесторға қажетті барлық рұқсаттарды дайындауға көмек көрсетуде: «Бұл инвесторларды біз Оңтүстік Кореядағы Қазақстан Елшілігімен бірге тарттық. Барынша елімізде дамымаған жоғары технологиялық әзірлемелермен айналысатын инвесторларды таргеттеуге тырыстық. Пилоттық жоба сынақтан ойдағыдай өткен жағдайда, корейлік бизнесмендер өз өндірісін қойып қана қоймай, бұл технологияны біздің елімізде де дамытуға дайын. Өз кезегінде, біз өз деңгейімізде бизнеске жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді Алматы облысы бойынша «KAZAKH INVEST» өкілдігінің директоры Заңғар Сәлімбаев.

Жоба пилоттық режимде осы жылдың қыркүйек айына дейін жұмыс істейді деп жоспарлануда. Қабылдаған деректерді әзірлеушілер құрылғыны одан әрі жетілдіру үшін қолданады. Жобаны сәтті жүзеге асырған жағдайда Lives'Talk осы жабдықты Алматы облысында шығаруды жоспарлап отыр.

Анықтама: Samsung Electronics – электроника, телекоммуникациялық жабдықтар, дисплейлер, ұялы телефондар мен мониторлар шығаратын халықаралық трансұлттық компания. Корпорацияда әлемнің 56 елінде 124 офис бар, онда 164 мың адам жұмыс істейді.

Lives Talk – бұл өткен жылы Samsung Soon Solution әлеуметтік бастамалар байқауына қатысқан 2000-нан астам тақырыптық зерттеулер арасында жеңіске жеткен стартап-компаниясы.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйым болып саналады. «KAZAKH INVEST» Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін «бірыңғай келіссөзші» және инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларды мемлекеттік қолдауды және инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай пунктінің рөлін атқарады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге