Жетістік тарихы

Жетістік тарихы
«RG Brands Kazakhstan» ЖШС

RG Brands компаниясы еліміздің Индустриялық-Инновациялық даму стратегиясын іске асыруда белсенді қатысушы болып табылады.

2009 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданында Қазақстанда және Орталық Азияда ең ірі және заманауи өндірістік-логистикалық кешен іске қосылды.

Компанияда әлемдік үздік басқару тәжірибе енгізілген.

Халықаралық сауда белгілері Пепси және Липтон Айс Ти, сонымен қатар қазақстандық Асу суы, Пиала, Грацио, Нектар Солнечный сусындары, Мое сүті, Апорт және Ети сусындары, Гризли қытырлықтары сияқты өнімдерді өндіреді.

Соңғы 3 жылда қосымша 100-ден астам жұмыс орыны ашылды, орташа айлық жалақы 125 мыңға дейін өсті және өнімділік 3 есе өсті және 2012 жылы 1 қызметкерге 69 млн.теңгені құрады.

Өндіріс көлемі 3 есе , экспорт 4 есе өсті. Компания өнімдерін Қырғызстанға, Түркіменстанға, Тәжікстанға, Монғолияға және Ресейге экспортқа шығарады. Компания 2010 жылы Президенттің «Алтын Сапа» сыйлығына ие болды.

«RG Brands Kazakhstan» ЖШС-нің «Ақсеңгір» бөлімшесі Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы,Елтай ауылы, «Ақсеңгір» өндірістік-қойма кешенінде орналасқан.

Бөлімше директоры Халяпин Андрей Васильевич.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге